Қазақстанға қош келдіңіз!

Қазақстанға қош келдіңіз!

«Қазақстанға қош келдіңіз!» – Қазақстанның түрлі өңірлерінің көрікті жерлері туралы ақпараттық-танымдық бағдарламалар циклі. Еліміздегі туристік және киелі объектілер жайлы авторлық көзқарас. Бағдарлама түсірілімінде экшен-камералардан бастап квадрокоптерлерге дейін түрлі құрылғылар мен сан алуан әдістер пайдаланылады. Сценарий тек энциклопедиялық ақпаратқа ғана емес, фольклорлық материалдар, авторлық талдаулар мен аңыз-әңгімелерге де негізделген.

Дала ақсүйектері екі ғасыр бұрын қандай киім киген? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Дала ақсүйектері екі ғасыр бұрын қандай киім киген? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Көкшетаудағы кірпіштен салынған ең көне ғимараттың қазіргі күйі қалай? Екі ғасыр бұрын дала ақсүйектері қандай киім киген? Ақмола облыстық өлкетану мұражайы туристерді қандай жәдігерлермен таңқалдыр алады?

Көкшетау қалай заманауи қалаға айналды? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Көкшетау қалай заманауи қалаға айналды? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Ел арасында бұл аймақ жайлы «Ақылбай асуы», «Ақбура тауы», «Оқжетпес», «Жеке батыр» шоқылары, «Жұмбақтас», «Шайтантас», «Ақ Алаң» деген аңыздар бар.

Қазақстанның солтүстігінде ашылмаған қандай құпиялар бар? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Қазақстанның солтүстігінде ашылмаған қандай құпиялар бар? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Солтүстік Қазақстан – флора мен фаунаға бай ормандар, өзендер мен мөлдір көлдер өлкесі. Жыл сайын Солтүстік Қазақстан өңірінің инфраструктурасы жақсарып, мұндағы демалыс бірқатар көрсеткіштер негізінде көптеген туристерді қанағаттандырады.

Қайыңды көлінің қақ ортасындағы орманның құпиясы неде? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Қайыңды көлінің қақ ортасындағы орманның құпиясы неде? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Алматы облысының атағын әуелетер әсем орындар өте көп. Бұл қатарда тылсым сыры мен тамаша табиғаты үйлесім тапқан Қайыңды көлі де бар. Көлсай көлдерінің жүйесіне кіретін айдын ну орманмен қоршалған қазаншұңқырда жатқандықтан, қалың ағаш арасынан көлді көре алу екіталай. Көлдің атауы қайыңдарға қатысты болғанымен, шынайы бейнесінде көне шыршалардың кескіні басым: қоршап тұрған қорғаны да, тұңғиығында жасырылған құпия қазынасы да – осы шыршалар. 

Шарын шатқалы қалай пайда болды? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Шарын шатқалы қалай пайда болды? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Шарын шатқалы… Алып аңғарлар. Қызғылт қамалдар. Мыстан сайлар. Жалмауыз кемпір өзегі… Осы бір айрықша орын туралы айтылатын аңыз көп. Ақиқатын ешкім аршып ала алмасы тағы белгілі. Өйткені Шарын каньоны мына жер бетіне пенде баласының табаны тимей тұрып, миллион жылдар бұрын пайда болған. Өйткені кер даланың төсінен адам баласы мың жылдап кертісе де, дәл осындай ғажапқа толы әлемді жасаулары мүмкін емес, оған тек бөлекше күш, миллиондаған жыл уақыт қажет. Шарынға барып, өз көзімен көрген жан оның кереметін анық түсінеді, ертегілер елінде, яки бір ерте заманда қираған алып қағанаттың орнында тұрғандай күй кешетіні рас.

Көктөбе неліктен Алматының символы саналады? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Көктөбе неліктен Алматының символы саналады? | Қазақстанға қош келдіңіз!

Көктөбе көп төбенің бірі емес, ол Алматының ең қадірлі жерлерінің бірі. Сырттан, әсіресе, шетелден келген қонақ­тар Көктөбеге соқпай кетпейді. Көктөбе - Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.