Түркістанға саяхат: Арыстан баб кесенесі

Неліктен Түркістанға саяхатты Арыстан баб кесенесінен бастау керек? Орта ғасырларда Орталық Азия мемлекеттері қандай болды? Аты аңызға айналған Отырар қаласынан қазір не қалды? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында баяндалады.

Арыстан баб – аты аңызға айналған мұсылман әулиесі. Оның өмір сүру кезеңі әртүрлі ғасырларға жатқызылады. Аңыз бойынша Мұхаммед Пайғамбар өз қолымен оған құрманы табыстап, Қожа Ахмет Ясауиға бер деген аманат қалдырған деседі. Сондықтан да ол ұзақ өмір сүрген деп саналады. Арыстан бабтың тұрған жері Отырар қаласы болса керек, өйткені ол сол шаһардың маңында жерленген.

Кешен кесененің өзі мен мешіттен тұрады. Олар күмбезді дәліз арқылы байланыстырылған. Арыстан бабтан басқа мұнда оның шәкірттері – Лашын мен Қарға бабалар да жерленген. Кесененің көлемі 35,12 метр. Ол алебастр ерітіндісімен бекітілген күйдірілген кірпіштен жасалған. Ал мешіттің екі биік мұнарасы бар.

Қабырғалардың бірінен кесенені қалпына келтірген шебердің қолтаңбасын табуға болады. Оның есімі Қалмырза бен Мүсәпір Түркістани. Ол бұл игі істі тегін орындаған түркістандық шебер. 12 ғасырда Әулие қайтыс болғаннан кейін, оның қабірінің үстінде жерлеу орнын білдіретін «төртқұлақ» типті ғимарат салынды. Бұл кішкентай нысан күйдірілген кірпіштен қаланған. Ол бір бірімен қабаттаспайтын ендері 20 см болатын төрт қабырғадан тұрады. Ал алып кесене Әмір Темір билік еткен кезеңде бой көтерді. Бүгінде сол кезден оюлы ағаш бағаналар ғана қалды. Бір кездері олар төбені ұстап тұрған, бірақ уақыт өте келе ескіріп, басқаларына алмастырылды. Алайда, сан ғасырлық жасына қарамастан, қарағаштан жасалған бұйым жасқсы сақталған. Ежелгі ою-өрнектерді бүгінде әркім тамашалай алады.

Ал Отырар қалашығы- киелі мекен ғана емес, сондай-ақ аса маңызды археологиялық ескерткіш. Ондағы қазба жұмыстарын көргенде XII ғасырға тап болғандай күй кешесің. Қала Түркістан облысының Отырар ауданында, Тимур теміржол станциясынан сегіз шақырым жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріне жақын орналасқан.

Цитадель мен шахристан – биіктігі 18 метр болатын бесбұрышты төбе. Ауданы 20 гектар. Оның периметрі қабырғамен қоршалған, құлама бұрышы 70-80 градус.

Археологтар бүкіл қаланың жоспарын қалпына келтірді. Қазір мұнда тұрғын үй кварталдарын, базарды, мешітті аралауға болады. Тіпті отырарлықтар су алған құдықтар да сақталған. Кірпіштің сынықтары мен керамикалық фрагменттерде өрттің іздері сақталған. Ең күшті шабуылды Отырарға 1219 жылы моңғолдар жасады.

Моңғол шапқыншылығы басталарда Отырар дамудың ең жоғарғы деңгейіне жеткен еді. Мұнда қараханидтер әулетінің теңге сарайы, зергерлер мен темір ұсталарының одағы орналасқан. Қаланың өзі бүкіл Орталық Азияға билік еткен Хорезмшах мемлекетінің құрамына кірді. Мұнда орта

ғасырдың көрнекті ғалымы және философы Әбу-Насыр әл-Фараби дүниеге келді. Қала көшелері жергілікті тұрғындар мен көпестерден босамады. Әртістер өнер көрсетті, бақсы-балгерлер жорамалдарын жасады. Медреседе ғалымдар мен теологтар ілім меңгерді. Қысқасы, Отырардан шығыстың барлық кереметі табылды.