Ежелгі Сайрам қаласынан бүгін не қалды?

Шымкент тарихы қай су айдынынан бастау алады? Ежелгі Испиджаб қаласынан бүгін не қалды? Сайрамдағы барлық кесенелерді санап шығуға бола ма? Ортағасырлық сәулет өнерінің қандай бірегей туындылары осы күнге дейін сақталған? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіздер!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз.

Табиғат жаратқан Шымкенттің ең маңызды бөлігі - Қошқар ата өзені. Қаланың тарихы дәл осы өзеннен басталған деген пайым бар. Аңыз бойынша бұлаққа кез болған ежелгі шөлдің тұрғындары оның жанында елді мекен құруға шешім қабылдады деп саналады. Уақыт өте келе тұрғындар саны өсіп, бұлақтың арнасы кеңейіп, ғасырлар өте келе үлкен өзенге айналған деседі.

Тағы бір аңыз бойынша, Қошқар Ата, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болған. Бірде ол туған бауырына Түркістандағы ұстазына су жеткізуді бұйырады. Не болса да, жолда артыңа қараушы болма дейді. Бұл аманатты жас жігіт, әрине орындай алмай, суды төгіп алады. Бірақ су төгілген жерден мөлдір таза бұлақ пайда болып, уақыт өте келе ол өзенге айналады.

Өзен бастау алатын жеріне Қошқар атаның кесенесі орналасқан. Ол өмірінің басым бөлігін осы жерде өткізген, емдік шөптерді жинап, емшілікпен айналсықан. Халық жадында Қошқар ата данышпан және қасиетті адам ретінде қалды. Сондықтан ғасырлар бойы науқастар өз денсаулығын жақсартып, аурудан айығу үшін оның мазарына келеді.

Цитадельдің сыртында Шахристан орналасты, онда байлар мен шенеуніктер өмір сүрді, ал бекініс қабырғаларының бергі жағында Рабат, яғни сауда-өнеркәсіптік аудан орналасқан. Мұнда үлкен базар болыпты. 2000 жылда бұл алаңды пайдалану мақсаты өзгермеген: қазір де саудагерлер мен қолөнершілердің мекені. Сондықтан ескі қала әлі де бар деп айтуға болады.

Ал ең ерекше тарихи мекен бұл – Қожа Ахмет Ясауидің, туған жері Сайрам қаласы. Ежелгі заманда оны Испиджаб деп атаған. Мұнда Қарашаш Ана мен Ибрагим Ата кесенелері және басқа да киелі нысандар орналасқан. Діни көрікті жерлер саны бойынша Сайрам Қазақстанда көшбасшылардың бірі.

Әсіресе Қарашаш ана кесенесіне халық көп келеді. Ол Айша би сияқты өз заманының танымал әйелі. Қарашаш ана Сайрамның құрметті тұрғындарының бірі шейх Мұсаның қызы, ұлы сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасы болған. Оны айтпақшы, Орта Азияның барлық халықтары ерекше құрметтейді.

Қарашаш ана кесенесі XIII ғасырда тұрғызылған. Бірақ ғасырлар өте ол қайтадан салынды. Ғимарат архитектурасына өзгерістер соңғы рет 19 ғасырда енгізілген. Сол кездің ағаш бөлшектері бүгінге дейін шірімей, жақсы күйде сақталған.

Ал Сайрамның солтүстік-батыс бөлігіндегі биік төбеде Ибрагим ата кесенесі орналасқан. Онда халық арасында ислам дінін таратушы, Қожа Ахмет Яссауидің әкесі жерленген. Қабір XII ғасырға жатады, ал мазардың өз бірнеше жүзжылдықтан кейін, шамамен XVI ғасырда салынған.

1950 жылы шейх Ибрахим кесенесі жер сілкінісінен қатты зардап шегіп, күмбезінен айырылды. Оны қалпына келтіріп, қаңылтырмен қаптауға тура келді. Алайда ғимараттың жалпы сәулеті оның ортағасырлық құрылыс екенін айқын көрсетіп тұр. Кесененің көлемі 7-7 метр, биіктігі 8 метрден асады. Ол Оңтүстік Қазақстан археологиясына тән күйдірілген кірпіштен салынған.

Сайрам аумағындағы тағы бір таңғажайып киелі нысан-Хызыр Пайғамбар мұнарасы. Хызыр деген сөзің өзі пайғамбар деген мағына береді. Ол туралы аңыздар Таяу Шығыс пен Орта Азияның барлық халықтарында бар. Біреу оны Мұса пайғамбардың серігі деп атайды. Оның құрметіне мешіт осыдан 1000 жылдан астам уақыт бұрын Сайрамда, Хызырдың анасының жерленген жерінде салынған.

Мұнараның сақталған бөлігінің биіктігі шамамен 10 метр. Ішінде спиральды баспалдақ бар, ол арқылы азаншы кезінде намаз оқуға шақыру үшін жоғарыға көтерілген. Мешіттің өзінен, өкінішке қарай, ештеңе қалмады, бірақ мұнараға көтеріліп, биіктіктен Сайрам қаласын тамашалауға болады.

Егер сіз Шымкентке саяхаттауға келсеңіз, Сайрамға бару оңайдың-оңайы. Қаладан шығып, шығысқа қарай 20 шақырымдай жүру жеткілікті.

Ежелгі жазбаларда Сайрам Испиджаб деген атпен белгілі. Жібек жолының бойында ораласқан ұлы қала бүгінде тарихта қалғанымен, қазір де сіз Испиджабқа келіп, көптеген әулелер жерленген шаһармен жақынырақ таныса аласыз.