100-ден астам атомдық жарылыс жасалған Семейдің бүгінгі келбеті

Ядролық соғысқа дайындық қайда өтті? Жүзден астам атомдық жарылыс жасалған аумақтың қазіргі сиқы қандай? Постапокалиптикалық тақырыпты сүйетін туристерге қайда бару керек?

Семей ядролық сынақ полигонының аумағы – 18 жарым мың шаршы километр. Тәжірибелер жасалған аумақ – оның ең үлкен бөлігі болмаса да, ең қызықтысы. Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде мұнда бір де бір жарылыс болған жоқ, ал уақыт өте келе туристік маршруттар пайда бола бастады.