Түс көру және оны жору

Адам өмірінде ұйқы мен түс көру сынды құпия құбылыс жоқ шығар сірә. Жүздеген адамдар көрген түстерінің не білдіретінін түсінуге тырысады. Бұл біреулердің қолынан келеді де, осылайша әлемде ғажайып әдеби және музыкалық шығармалар, тіпті ғылыми жаңалықтар пайда болады. Біреулер түстегі аянға назар аудармай, ақыры өмір бойы қайғымен өтеді, тіпті кейде жұмбақ жағдайда қаза табады. Көптеген халық мәдениетінде түске өте қатты мән берген, көшпенділер де бұдан қалыс қалған жоқ.

Түс бізге қай жақтан келеді? Не себепті қазақтарда жаман түс деген болмайды? Түс көрудің астарында не жатыр?