Қырғызстандағы қандастар келешегін Қазақстанмен байланыстыра ма?
Қырғызстан – көк аспанмен ұштасқан таулы өлке. Ол жақты 30 000-ға жуық этникалық қазақ қандас мекендейді. Олардың көбі Шу облысы мен ел астанасы Бішкек қаласында тұрады. «Қандастар» деректі фильмінің бұл сериясының кейіпкерлері – қырғыз авиация саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Бошумова Тілеухор Ізімбекқызы және кәсіпкер Маралов Ахмедиар. Олар ата-бабаларының басынан кешкен оқиғалары мен шежіресін сөз етеді. Күні бүгінге дейін қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап келеді. Десек те, кейіпкерлеріміз келешегін Қазақстанмен байланыстыра ма? Әлде олар тарихи отанына өкпелі ме? Кейіпкерлеріміздің жауабын «Қандастар» деректі фильмінің осы санынан көре аласыздар.