Қияндағы қандастар – Барлық шығарылым

Еліңнен жырақта жүргенде ғана өз ұлтыңның қадір-қасиетін түсінесің… | Қияндағы қандастар

Еліңнен жырақта жүргенде ғана өз ұлтыңның қадір-қасиетін түсінесің… | Қияндағы қандастар

Гүлнар Османалиева, 20 жылдан бері Испанияда тұрады. Испан жеріне тұрмысқа шыққан. Жат жерге келін болып түскенде іштей қобалжу болған. Алайда келген жері осы елге тез сіңісіп кетуіне көмектескен.

Әке-шешем қуғын-сүргінмен күн кешті. Сүлеймен Шадкам | Қияндағы қандастар

Әке-шешем қуғын-сүргінмен күн кешті. Сүлеймен Шадкам | Қияндағы қандастар

Германия халқы кеңпейіл, қонақжай. Достыққа берік. Германия латын тілінен аударғанда барлық адамның жері дегенді білдіреді. Шынымен Германия көп адамды бауырына басты. Солардың бірі - қандасымыз Сүлеймен Шадкам.

Әйгілі Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызы туралы ақиқат | Қияндағы қандастар

Әйгілі Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызы туралы ақиқат | Қияндағы қандастар

Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны. Қытайдың Харбин қаласында туып-өскен Алла Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін анасымен бірге Францияға көшіп кеткен. Әкесі Қуанхан Елшін отбасын Еуропаға аттандыруға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Ол ГУЛАГ-та қамауда болған дегенде болжам бар. Әлемдік сән астанасы Парижді бағындырған қазақ қызы киіп шыққан киімдерді әлемнің сұлу қыз-келіншектері  ілезде сатып алатын болған. Крисиан Диор  модель Алла Ильчунды сәттілік сыйлаған бойтұмарым деп атаған. 50 жылдары әлемде алғаш рет Алла Ильчунның бетіне жасалған макияж дүниежүзі аруларын таң-тамаша еткен. Әлемнің сұлу падишасы атанған қазақ қызы 20 жыл бойы сән саласының биіктерін бағындырған.

Қазақ екенімді білсін. Франция мен Испанияда тұратын қазақтар | Қияндағы қандастар

Қазақ екенімді білсін. Франция мен Испанияда тұратын қазақтар | Қияндағы қандастар

Абдулла Чобаноғлы – Францияда тұратын Кіші жүздің қазағы. Ол 22 жасында Еуропаға саяхаттауға шығып, Францияда біржола қалады. Бастапқыда тоқыма фабрикасында жұмыс жасады. Кейін өз кәсібін, ательесін ашады. Бұл кәсіп атадан келген. Ел басына түскен зұлмат заманда әкесі ұлы көшке ілесіп Пәкістанға кеткен, кейін Түркияға өтеді. Әкесі Әбзелханнан естігендері еміс-еміс қана есінде қалған.

Нидерландия жеріне қазақтар қалай келді?  | Қияндағы қандастар

Нидерландия жеріне қазақтар қалай келді? | Қияндағы қандастар

Ел басына түскен нәубет кезеңде қаншама қазақ босып кетті, қаншама қазанның оты өшіп, ошағы сөнді. Дилек Тастемирдің ата-бабасы да сол кезде атажұртты тастап, жан сауғалап кетеді. Бір үзім нанға зар болып, қаралы көш соңынан ілеседі.

Франциядағы қазақтар: Атамекеннен асқан жер жоқ | Қияндағы қандастар

Франциядағы қазақтар: Атамекеннен асқан жер жоқ | Қияндағы қандастар

Жұмыр жердің әр түкпірінде тамырын тереңге жайып тұрып жатқан қандастарымыз көп. Олар атажұрттан безіп, жерұйық іздеп кеткен жоқ. Ел басына күн туған алмағайып заманда тағдырдың тәлкегімен шетке кетуге мәжбүр болды. Сол қалың қазақтың біразы Францияда да тұрады.