Бразилияның кішкентай ғана ауылында туып өскен Роберто Сантос өз бетімен ізденудің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды.
Шетелдіктің бір күні – Барлық шығарылым
Томмазо Агуцци Италияның шалғай өңірінде туып өскен. Оның арманы – ғылым докторы атану. Студенттік шағында Erasmus алмасу бағдарламасына қатысып, соның арқасында Еуропаның түрлі университеттерінде оқыған. Томмазо 2017 жылы алғаш рет Қазақстанға келген.
Бенуа Берт Францияның оңтүстік-батысындағы шағын қалашықта туып өскен.
Август Гарнси Қазақстанға АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық бағдарламасы бойынша келген. Бұл бағдарламаның мақсаты – әлемде мейлінше көп адамның ағылшын тілінде сөйлеуіне көмектесу. Кейіпкеріміз қазақтың салт-дәстүрімен танысып, мұнда өзіне қалыңдық тапқан.
Швециядан келген Винсент Гамильтон ұшқыш болып жұмыс істейді. Астанада тұрып жатқанына бір жарым жыл болды. Ол кезекті рейстен кейін әдетте 2-3 күн ғана демалады. Сол уақытын пайдалы өткізуге тырысады. Сапардан соң қонақ үйде күні бойы жатып алмай, Елордадан бірнеше шақырымдық жерде атпен серуендейді. Далада тамақ пісіреді. Мұны жабайы табиғат аясында түсірілген халықаралық жобаға қатысқаннан кейін үйренген. Бұдан бөлек екі күн ішінде Винсент достарымен бірге коньки тебеді, садақ атады, теннис ойнайды, би сабағына қатысады. My Day in Kazakhstan бағдарламасының кейіпкері Винсент Гамильтонды қарсы алыңыздар!
Ахмед Магди Қазақстанға Египеттен келген. Ол Елордадағы Әбу-Даби Плазада инженер болып жұмыс істейді. Кешеннің 4 мұнарасын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Әли Голамалипур Малайзия университетінде білім алған. Сол жерде қазақстандық Нұрзадамен танысып, отандасымызға үйленген. Университетті аяқтағаннан кейін екеуі Қазақстанға келген. Нұрзада жергілікті компанияда жұмыс істейді. Әли Елордада ағылшынша сөйлейтін қауымдастық құрумен айналысады, балабақшада жұмыс істейді және сенбі сайын Ұлттық академиялық кітапханада тегін сабақ береді. Әлидің Қазақстанға көшіп келгеніне көп болмаса да, ол нағыз «күйеу бала» ретінде жергілікті салт-дәстүрлердің біразымен танысып үлгерген. Қазір ол халықаралық мамандармен қоса қазақстандықтар да қатысатын ортақ жобаларды дамытып келеді.
Ахмед Хуссейн – философия және физика докторы. Египетте туып өскен. Түрлі елде жұмыс істеген. Бішкекте болашақ әйелі Бегаиммен танысқан. Қазір ерлі-зайыптылар 3 жасар қызы Микамен бірге Ақтөбеде тұрады. Ахмед жергілікті зияткерлік мектепте сабақ береді. Ал бос уақытында Египеттің дәстүрлі тағамдарын әзірлеп, қазақ мәдениетін зерттегенді ұнатады. Кейіпкеріміз ауа райына қарамастан, саябақта серуендегенді ұнатады. Ал демалыс күндері отбасымен бірге қаланың сыртына шығады. Сонымен қоса жергілікті спорт мектептерінің бірінде бокспен айналысады. Оның жаттықтырушысы – бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Шолақов.
Канададан келген қаржы сарапшысы Касун түрлі халықаралық корпорацияларда еңбек еткен. Атырауда жұмыс істеп жатқанына 5 жыл болды. Ол Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын игеру жобасына қатысып жатыр. Касун Жайық өзенінің жағалауындағы қонақ үйде тұрады. Айтпақшы, бұл жағалауды абаттандыру жұмыстарын кейіпкеріміз еңбек ететін компания тегін жүргізген.
