Бабалар ізімен

Бабалар ізімен

Тарихын білмеген ұлт тамырынан алыстаған өсімдік секілді нәрсіз, кез келген тосқауыл мен кедергінің алдында дәрменсіз болмақ.

«Бабалар ізімен» бағдарламасының мақсаты – қазақ тарихы мен ата-бабалары туралы мәліметтерді ғылыми тұрғыда тұжырымдап, біздің ата-бабаларымыздың басқа да Еуропа, Азия және Африка, АҚШ-пен тарихи байланысын дәлелдеу.

Осы бағдарламаларды тамашалау барысында көрермен бағзы заманда ұлы даланы мекен еткен халықтар мен тайпалар тарихынан тағылым алып, ұлттық болмысы мен танымы кеңейіп, ата-бабаларын мақтан тұтатын деңгейге жетеді. Көрермен әлемнің әр түкпірінде сайрап жатқан ата-баба ізін архитектуралық ескерткіштер, мәдени мұраларды өз көзімен визуалды түрде көру арқылы санасына сіңіреді. Белгілі тарихи тұлғалардың ұрпақтарымен танысады.

Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, түрлі елдердің мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы жатқан сирек әрі беймәлім деректерден хабардар болып, ұлттық және жергілікті музейлердегі тарихи артефактілерді тамашалайды.

Қыпшақ, жалайыр руынан шыққан батырлар Әзербайжандағы бекіністі неге қорғады? | Бабалар ізімен

Қыпшақ, жалайыр руынан шыққан батырлар Әзербайжандағы бекіністі неге қорғады? | Бабалар ізімен

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Әзербайжандағы Нахичеван автономиялық республикасында болды. Біздің қыпшақ және жалайыр руларынан шыққан батырлар Алинджа бекінісін қалай қорғады? «Момине Хатун» кесенесін кім салған? Қиын уақытта азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт сақтаудың құпиясы неде?

Түріктер Қорқыт атаға неге кесене салған? | Бабалар ізімен

Түріктер Қорқыт атаға неге кесене салған? | Бабалар ізімен

Арпачайдың ағысына арын сақтап, Чылдырды жағалай қонған дешті Қыпшақ. Карс қаласында арғы атамыздың көне тірегі - төрт түлік қайдан жүр? Ани қаласына арқау болған кім? Түріктер Қорқыт атаға неге кесене салып алған?

Гүржі әскеріне әмірін жүргізген қыпшақ қолбасшысы кім? | Бабалар ізімен

Гүржі әскеріне әмірін жүргізген қыпшақ қолбасшысы кім? | Бабалар ізімен

Күміс қаланы бетке алып, тарихи Трабзонға табан тіреген қыпшақ баласы. Балта мен пышаққа Кумбасардың аты неге әдіптелген? Гүржі әскеріне әмірін жүргізген қыпшақ қолбасшысы Тамара патшайымды қалай қорғады?

Байқоңыр

Ғарышқа жол қайдан және қалай басталған?

Көк түріктерінің ғарышты бірінші болып зерттегендеріне қандай деректер айғақ? Ғарыш дәуірінің қазақ жеріндегі Байқоңырдан басталуында қандай сыр бар?