Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан борлы үстірті бір кездерде теңіз түбі болатын. Сондықтан да, дәл осы жерлерде тасқа айналған ұлулардың, кораллдардың, теңіз кірпілерінің және басқа ондаған миллион жыл бұрын тіршілік еткен теңіз фаунасының өкілдерінің көптеген мөлшерін табуға болады. Ежелгі акулалардың тістері, ихтиозаврлар мен динозаврлардың сүйектері мен тістері, бүгінгі күні табиғатқа беймәлім өсімдіктердің қалдықтары, тасқа айналған ағаштар – бұл сан алуандықты тізбектеп өту мүмкін емес.
Қазақстанды көктен қарағанда – Барлық шығарылым
Табан-Қарағай - ені 6 шақырым, ұзындығы 35 шақырымды алып жатқан үстірт. Ол оңтүстігіндегі Шілік және солтүстігіндегі Жіңішке өзендерінің аңғарларын бөліп жатыр. Көгіне қол созым жердегідей елестейтін бұлттар жиылған үстірттен мың түспен құлпырған гүлдерді, табын-табын сиыр мен отар-отар қой, және де болмысынан бекзаттық байқалар үйір-үйір жылқыларды тамашалай аласыз.
Алматы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан алып шаһар. Қала мен қала маңында жанға жайлылық сыйлайтын демалыс орындары жетерлік. Жыл сайын Алматыға келетін туристердің қатары да артып жатыр.
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Еуропа және Азия аймақтарына бөледі.
Оңтүстік Қазақстан - Отанымыздың көптеген тарихи және мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ. Бұл жерде ежелгі қалалар, кесенелер, ғибадат орындары орналасқан. Көптеген ғасырлар бойы осы жерлермен Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа, атақты Жібек жолы арқылы керуен жолдары өтті.
Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.
Бабаларымыз ту тігіп, түтін түтеткен алтын Алтай тағдыр тәлкегімен төрт елдің иелігінде. Алайда ата қоныс Алтайды қастерлейтін біздің жүрегімізді ешбір шекара шектей алмаса керек. Біз оның әрбір аттам жеріне, тауы мен тасына, суы мен орманына, ондағы өз атамекендерінде отырған қандас бауырларымызға және бәрімізге ортақ тектік (рулық) шежіремізге махаббатпен қарауға тиіспіз.
Шығыс Қазақстан – ерекше табиғатқа бай өлке. Сарыарқаның шексіз жазық далалары маңғаз тау тізбектеріне ұласып, қалың орманы мен тоғайлы шалғынды болып келеді.
