Жұмбақ әлем – Барлық шығарылым

Космостағы қасиетті су

Космостағы қасиетті су

Қасиетті су – аңыз ба әлде ақиқат па? Бүгін біз аңызға айналған «тіршілік нәрі» Құдай Ана иконасы бар ғибадатханаға барамыз. Мұнда келушілер көптен бері судың шипалы екенін айтып жүр. Емдік судың құпиясын бағдарламаның осы санында Австралиядан келген профессор Дэниэл Беседин ашады.

Көп нәрсе сіз ойлағандай болмайды. ДНҚ құпиялары

Көп нәрсе сіз ойлағандай болмайды. ДНҚ құпиялары

Бір ғана кішкене тамшы мен кіммін, қайдан келдім, менің ата бабам кім болған деген өзекті сауалдардың қалай жауабын бере алады. Ол тіпті тұтас ұлттың қалай пайда болғанын да баяндап бере алады. Мысалы, қазақтар жайында. Адам ДНҚсында қандай құпиялар бар? Бағдарламаның осы санында жүргізуші Дэниэл Беседин генетикалық тесттің көмегімен ата-бабасының ішінде көшпелілер болған-болмағанын анықтайды.

Ұлы Дала шоу бизнесі «Жұмбақ әлемде»

Ұлы Дала шоу бизнесі «Жұмбақ әлемде»

Ежелгі қазақ даласында қазіргі заманның эстрадасы мен театрынан кем емес өз эстрадасы мен нағыз театры болған. Ал музыканттар мен әртістер бұқараның көңілін көтеріп қана қоймай, өз мемлекетінің тарихы мен өміріне ықпал ете алған. Ғасырлар бұрын шоу бизнес өкілдері қандай болған және олар қалай өмір сүрген? Оларды сол кезеңде не үшін жақсы көріп, құрметтеген?

Жаны нәзік, рухы өр. Ұлы дала амазонкалары | Жұмбақ әлем

Жаны нәзік, рухы өр. Ұлы дала амазонкалары | Жұмбақ әлем

Амазонкалар туралы не білеміз? Жауынгер әйелдер туралы мәліметтің көбін грек мифологиясынан естігеніміз жасырын емес. Нағыз амазонкалар – сақ, скиф қыздары болғаны туралы нақты дәлелдер бар. Айталық, Алтай тауларындағы Берел, Пазырақ, Шілікті қорымдарынан табылған жәдігерлер сақ дәуіріне сәйкес келеді. Қорымдардың көбінде текті әйелдер жерленген. Олар ерлермен бірге соғысқа аттанып, ат үстінде жауынгерлік ғұмыр кешкен.