Жаңа уақыт

Жаңа уақыт

Медиа нарықта жаңа ойыншы пайда болды. «Jibek joly» арнасы көрерменіне жол тартты. Бірегей жоба - «Жаңа уақыт». Бұдан былай көрерменге түйткілі көп дүниелерді ашық, дөп жеткізеді. Оның шешімін де көрсетпекпіз. Бізбен бірге болыңыздар.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ақша айналымы енді бақылауда болады

Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ақша айналымы енді бақылауда болады

Мәжіліс депутаттары тиісті құжаттарды ратификациялауды мақұлдады. Бұл келісімде кедендік Еуразиялық экономикалық одақ арқылы қолма-қол ақша қаражатын немесе ақша құралдарын өткізу кезінде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі айқындалған. Яғни, одаққа мүше елдерден шекара асқан азаматтың қаражат аударымдары жайлы толық ақпаратты алу мүмкіндігі туындап отыр.

Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге өседі

Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге өседі

«Биылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жеткізіледі деп есептеліп отыр. Бұл ретте орта медицина қызметкерлерінің айлығы шамамен 235 мың теңгені құрады», - деді министр Үкімет отырысында.