Күннің шуағын, жеміс-жидек пен қанық бояу іздесеңіз, оңтүстікке барыңыз! Бірақ ол үшін экзотикалық елдерге қарай ұшудың қажеті жоқ! Іздегеніңіздің бәрі Түркістан облысынан табылады.
Таңғажайып табиғат – Барлық шығарылым
0:30 - Тау экожүйесін сақтап қалудың жолдары
0:22 - Добын айлағына қарай бара жатырмыз
Тарихы сырға, қойыны гүлге толы Жетісудың құтты мекенінің бірі – Қапал өңірі. Қапал-Арасан деген дүйім жұртқа аты әйгілі аймақта Шоқан Уәлихановтың ізі қалып, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Абрамов, А.Ф.Голубев, А.Н.Гейне сияқты зиялылардың еңбектеріне арқау болған. Сонымен бірге, Қапал тарихы Қапал батыр, Тәнеке батыр, Ақын Сара сияқты ұлы тұлғалардың өмірімен сабақтас.
Басын қар шалған, мәңгі мұздықтар мекені Мұзтау Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Қытай мен Моңғолия қол созым жерде тұр. Шығыс және Батыс Мұзтау мен Делоне шыңдарын қосатын тау массиві Мұзтаудың негізін құрайды. Қойнауы аңыз бен тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі.
Алматы облысы, Кеген ауданындағы Көлсай көлін бір көруді армандайтындар көп. Зерттеуші ғалымдар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықтағы Көлсай орын тепкен таулы-қарағайлы аймақтың 250 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Көлдің өзі Бірінші Көлсай, Екінші Көлсай, үшінші Көлсай деп үшке бөлінеді. Көлдер өзінше ерекше және тереңдігі де түрліше. Әрқайсысы теңіз деңгейінен 1700, 2252 және 2650 метр биіктікте орналасқан. Бұл көлдердің пайда болуын ғалымдар ХІХ ғасыр соңында 1887, 1889 жылдар аралығында орын алған жер сілкінісімен байланыстырады. Орасан зор опырылып құлаған тас пен топырақ үйіндісі шатқалдың бірнеше жерін бөгеп, табиғи бөгеттер жасаған.
