Қазақ бренді – Барлық шығарылым
Сәндік бұйымдардың ішінде біреу білсе де, біреу білмейтін, салтанатты жағдайларда ұшы бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітілетін «шекелік» деген әшекей бұйым бар.
Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады.
Алтын адам – Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды.
Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде жылқыны бірінші боп қолға үйреткен қазақ екені дәлелденді. Тайға таңба басқандай тарихқа жазылған дүниеге ешкім жиендік жасай алмайды. Қазір әлемде 250-ден астам жылқы тұқымы бары белгілі, десе де, тұлпардың түп атасы қазақ жерінен басталатыны әмбеге аян. Мұны тарихты зерттеп, ақпаратын зерделеген жанның бәрі жазып қалдырған.
Мемлекеттің тәуелсіздігінің символы ретінде танылатын рәміздердің бірі – байрақ. Қолданысқа еніп, дамып-жетілу тарихы тым арығы кететін байрақтың бүгінгі көрінісі – ту. Байрақ, ту – мәндес, ұғымдар. Ашық аспанда нұрын төккен шұғылалы күннің астында қанатын кере қалықтаған қыран бейнеленген Қазақстанның туына қатысты «көк байрақ», «көк ту» деген тіркестер қатар қолданылып жүр.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ».
