Киіз үй | Қазақ бренді

Ұлт пәлсапасының мәйегі, дүниетанымының айнасы, жер қазына, су алтын мал байлық деп табиғатпен егіз туған көшпенді халықтың бар болмысы күн мен айдай, жер мен көктей дөңгеленген ақша үйден көрініс табады. Мәдение мұра тізіміне енген қазақ баспанасы, қолөнер, сәулет, кесткіндеме өнері сынды бірнеше өнердің басын құрайтын ғажап туынды ол - киіз үй.