«Құрметті донор» марапаты тағайындалды

«Құрметті донор» марапаты тағайындалды

Елімізде алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды. Үкімет қаулысымен бекітілген бұл марапатқа алғашқы кезеңде 481 тұрақты донор ие болады. Бұл марапат еліміздегі шетелдіктерге де беріледі. Ол үшін қан мен тромбоцитті ең азы 40 рет, ал плазманы кемінде 70 рет тапсыру керек. Медальді Қазақстан теңге сарайы арнайы жасайды. Оның бетінде қан тамшысы мен соғып тұрған жүрек бейнеленген. Донорлардың ең көбі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрады. Жасы 18-ге толған, салмағы 50 келіден асатын кез келген дені сау адам қан тапсыра алады. Тек алдымен дәрігердің тексеруінен өту керек. Заң бойынша, қан тапсырған күні адам жұмыстан босатылады және сол күннің айлығы толық төленеді.