FIFA World Cup 2026: Чемпион атанған құрама $50 млн алады

FIFA World Cup 2026: Чемпион атанған құрама $50 млн алады

Бүгін 4 жылдықтың үлкен додасы – футболдан әлем чемпионаты басталады. Бұл – 23-ші мундиаль. Чемпионат қатарынан 3 елде, яғни АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді. ФИФА биыл команда қатарын көбейтіп, алғаш рет 48-ге жеткізген. Алғашқы матч Мехиконың «Ацтека» стадионында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы арасында өтеді. Шығыны мен қатысатын жұлдыз спортшылардың санына қарап, сарапшылар FIFA World Cup 2026 спорт тарихындағы ең ауқымды әрі табысты шаралардың бірі болады деп айтуда.