Air Astana компаниясының IPO-сын өткізу мәселесі үкіметте талқыланды
Air Astana әуекомпаниясының IPO өткізу мәселесі экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында
талқыланды. Жиынға
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
төрағалық етті. Осылайша, компанияның
акцияларын тікелей әрі ашық саудаға шығару биыл бастау алады. Бұл жұмыс
2021-2025 жылдарға бекітілген жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында
жүргізілуде.
Динара Алимова, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы
- Бүгінде «Самрұқ-Қазына» мен «Air
Astana» компаниясы
халықаралық кеңесшілермен бірге өткен дайындық жұмыстарын жүргізді. Жиында
қаралған өзекті мәселе мен биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан жоспарланған өтініштерді
қабылдау процессін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір
ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау болды.

