Зілзала құрбандарының саны 126 адамға жетті

Зілзала құрбандарының саны 126 адамға жетті

Қытайда бүгін тағы жер сілкінді. Соңғы ақпараттарға сәйкес, қирандылардың астынан 126 адамның мәйіті табылды. Бұл жолы зілзала Цинхай провинциясының солтүстік батысында тіркелген. Қытайдағы сейсмо-орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 5 жарым балдан асады, ал ошағы 12 метр тереңдікте. Қазір құтқару-іздеу жұмыстары күшейе түсті. Жермен жексен болған Шигадсе қаласында 3400 құтқарушы мен 340 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 150-ден астам техника тартылған.