Қазақстаннан Грузияға тасымалданатын тауар түрі көбейеді
Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы 4 жарым миллион тоннаға жетті. Бұл 2023 жылға қарағанда 62 пайыз көп. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесуде айтты. Тараптар ауыл шаруашылығы, инвестиция, туризм салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 900 млн доллардан асқан. Бізден Грузияға негізінен ауыл шаруашылық өнімдері мен мұнай жеткізіледі. Жуырда осы тізімге жалпы құны 66 миллион доллар болатын 35 түрлі тауар қосылмақ. Атап айтсақ, металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау бағытында алыс-беріс 10 миллион тоннаға дейін көбейеді.

