Отандық автокөліктерге сұраныс артқан

Отандық автокөліктерге сұраныс артқан

Былтыр елімізде 150 мыңнан астам автокөлік құрастырылды. Мамандар бұл отандық машина жасау өнеркәсібіндегі рекордтық көрсеткіш дейді. Қазіргі таңда Қазақстандық автомобильдерді көбейту үшін шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Егер салаға құйылатын қаржы көбейсе темір тұлпарлардың саны да, сапасы да артпақ.