Шымкентте қала күні қарсаңында бірқатар нысан пайдалануға берілді
Шымкентте қала күні қарсаңында бірқатар әлеуметтік және қоғамдық нысан ел игілігіне берілді. Оның ішінде мәдениет үйі, Гүлдер аллеясы, «Shym City» саябағы бар. Шаһар басшысы бұл жобалар бизнестің өркендеуіне және қаланың инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

