24 жоба жасалды: қоғамдық қор аймақтарға қолдау көрсетіп жатыр
Қоғамдық қордың қаражаты әлеуметтік саланы реттеуге жұмсалып жатыр. Атап айтқанда, Қызылордада «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бөлінген 10 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылып отыр. Нәтижесінде өңірлік білім, денсаулық, спорт және әлеуметтік бағытқа біршама қолдау жасалған.

