Қазақстанның Даму Банкі Катардың қаржылық институттарымен әріптестікті нығайтуда

Қазақстанның Даму Банкі Катардың қаржылық институттарымен әріптестікті нығайтуда

Қазақстанның Даму Банкі Катардың қаржы институттарымен әріптестікті нығайтып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның даму банкінің делегациясы Парсы Шығанағында орналасқан елдің әріптестерімен бірнеше кездесу өткізді. Нәтижесінде, Masraf Al Rayan банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құжат екі ел арасында сауда және инвестициялық ағындарды ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді деп күтілуде. Сонымен қатар, келісім тараптардың ортақ мүддеге қол жеткізуге бағытталған негізгі принциптерін де айқындайды. Ол – қазақстандық және катарлық компаниялар арасында байланысты орнату мен кеңейтуге жәрдемдесу, жаңа мәмілелер мен олардың арасындағы ынтымақтастықты қолдау. Қазақстанның Даму Банкінің хабарлауынша, құжат исламдық қаржыландыруды ұсыну арқылы екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды қолдау мүмкіндіктерін зерттеуге ықпал етеді.