Тіркелмеген телефондар бұғатталады

Тіркелмеген телефондар бұғатталады

Еліміздегі ұялы телефондардың 64 пайызы шетелден заңсыз әкелінген. Сондықтан кәсіпкер ретінде тіркелмегендердің шекарадан екі гаджеттен артық өткізуіне тыйым салу керек. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева осындай ұсыныс айтты. Оның сөзінше, телефондарды жасырын сатып, салықтан жалтарып жүргендердің кесірінен мемлекет 100 миллиард теңгеден қағылған. «Көлеңкелі бизнестің түрлі айла-тәсілі қолданылып жүр. Мысалы, кедендік бақылау кезінде қымбат гаджеттер арзан құрылғы ретінде рәсімделеді. Алаяқтар түпнұсқадағы телефонның Имей кодын алып, содан 5-6 көшірме дайындап, халыққа қымбат бағада сатады екен.