Елде инновациялық штаб құрылуы мүмкін

Елде инновациялық штаб құрылуы мүмкін

Үкіметтегі жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек инновациялық штаб құруды ұсынды. Министрдің айтуынша, ел Global Innovation Index рейтингінде 81-орында тұр. Ал Экономикалық индекс бойынша 55-орында. Инновациялар тек бір ведомство аясында ғана емес, бүкіл мемлекеттік жүйе деңгейінде үйлестіруді талап ететін күрделі салааралық міндет, - дейді министр. Яғни, оған барлық ұйым тәуелді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен даму институттарының іс-қимылын біріктіретін бірыңғай үйлестіруші орган – Инновациялық штаб құру ұсынылып отыр. Ал, штаб міндеті - инновациялық саясатты трансформациялаудың негізгі тетігі болмақ. Министр инновацияларды дамыту үшін үйлестірумен қатар, жүйедегі өзге де мәселелерді шешу қажеттігін жеткізді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Айта кету қажет, GII 78 индикаторды қамтитын кешенді халықаралық индекс. Аталған рейтингтегі елдің орыны бір ғана ведостваның қызметінің нәтижесі емес, инновациялық дамудың негізгі бағыттар бойынша оннан астам мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты бірыңғай үйлестіруші тетік ретінде инновациялық штаб құру ұсынылады.

Бұдан бөлек, министр үкімет отырысынан соң брифинг өткізіп, ғылым қорындағы салғырттыққа қатысты пікір білдірді. Бұған дейін мемлекет басшысы салаға бөлінген қаржы талан-таражға түскенін айтып, сынаған еді. Қазір іс тергеліп жатыр. министр жауапкершіліктен қашпаймыз деп отыр.