Қазақстан Президентінің сапары әлемдік БАҚ беттерінде

Қазақстан Президентінің сапары әлемдік БАҚ беттерінде

Қазақстан Президентінің Италияға сапары бойынша көптеген шетелдік медия өкілдері хабар таратты. Басылым беттеріндегі мақалаларда қол қойылған келісімдер мен қос тарапқа да тиімді болатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтылуда. Мәселен, италиялық Agenzia Nova ақпарат агенттігі Қазақстан Президентінің Римге жұмыс сапары Италия мен Орта Азия аймағы арасындағы қарым-қатынастың жылдам қарқынмен дамуына септігін тигізеді деп жазған.

 

Ал, 24 Italia ақпарат агенттігі болса, Қазақстан әлемдегі жетекші шикізат өндірушілердің қатарында болғандықтан, Апенин түбегінің елімізге деген қызығушылығы барған сайын артып келе жатқандығын жазған. Сонымен қатар бұның бос сөз еместігіне Қазақстан Президентімен өткен инвестициялық дөңгелек үстел отырысына көптеген италиялық кәсіпкерлердің қатысқаны куә екеніне ерекше назар аударған.

Тағы бір ИЛ ЖОРНАЛ басылымы өзінің бірінші бетінде Қазақстан мен Италия Президенттерінің кездесуінің видеосын жариялаған. Мақалада екі ел арасындағы өзара әріптестік экономика, саясат және мәдениет салаларында кеңінен дамып келе жатқанын жазды. Мемлекет басшысының жұмыс сапарын өзге де әлемдік медиа өкілдері назарынан тыс қалдырмады. Олардың беттерінде Астана мен Рим арасында әріптестік туралы бірнеше меморандумға қол қойылып, олардың басым бөлігі инвестиция мен энергетика салаларына қатысты екені жазылды.