ЕО Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің 30 астам жобасына инвестиция салады

ЕО Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің 30 астам жобасына инвестиция салады

Еуропалық Одақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің 30 астам жобасын қаржыландырады. Қаражат темір жолдарды модернизациялауға, Каспий теңізіндегі порттардың өткізгіш қуатын арттыруға және «Орта» дәліздегі физикалық инфрақұрылымның өзге де сегменттеріне бағытталады. Айта кетсек, 2023 жылы бұл бағытта 2,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 86% көп. Биыл бұл көрсеткішті 4 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жақын арада жүк тасымалдау көлемін бір жылда 10 млн тоннаға дейін арттыру да жоспарлануда. Бұл бағыттағы өткізгіш қабілетті арттыру жоспары, оның негізгі көлік дәлізі ретіндегі маңыздылығының айқын көрінісі.

 

Жайнар Асылбекова, ҚР Көлік министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

-Еуропалық Одақ, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арқылы бүкіл Орта Азия аумағында 33 инфрақұрылымдық жобаға қызуғушылық танытып отыр. Оның ішінде 14 жоба Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі зерттеуіне сәйкес, осы жобаларды толыққанды жүзеге асырғанда, Қазақстандағы порттардың әлеуетін біршама арттыруға мүмкіндік бар. Осылайша, салмағы 20 фут болатын жарты миллион контейнерді бір жылда тасымалдауға болады. Бұл Қазақстан үшін үлкен өсім болмақ.