Қазақстан атом энергетикасын дамытудың жаңа кезеңін бастады
Қазақстандық АЭС-тен шыққан ядролық отын АҚШ-тың Silo қоймасында сақталатын
болды. Тараптар Венада өткен 69-шы МАГАТЭ Бас конференциясында осындай
келісімге қол қойды. Агенттік төрағасы еліміздің 2060 жылға қарай көміртексіз
дамуға ұмтылып отырғанын және бұл жолда атом энергетикасы басты рөл атқаратынын
атап өтті. Қазақстан жобалау мен құрылыс кезеңінде МАГАТЭ-нің толық қолдауына
ие болды. Сондай-ақ, кадр даярлау ісінде арнайы халықаралық бағдарламаға
белсенді қатысуда. МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Қазақстанды уран өндірудегі
көшбасшылығы мен инновациялық шешімдері үшін жоғары бағалап, еліміздің жаһандық
ядролық-отын цикліндегі орнын айрықша атап өтті.

