Marineland паркіндегі 30 китке қауіпі төніп тұр

Marineland паркіндегі 30 китке қауіпі төніп тұр

Егер қаржылай қолдау көрсетілмесе, Marineland зообағындағы киттер қолдан өлтірілуі мүмкін. Канададағы әйгілі океанариум басшылығы осылай Үкіметке ультиматум қойып отыр. Өйткені мұндағы ақбөкен киттерді Қытайға экспорттауға билік тыйым салған. Салдарынан, енді парк қосымша табыссыз қалып отыр. Енді Онтарио провинциясының белсенділері де Премьер-министрге хат жазып, іске араласуды талап етуде. Marineland - бұл Канададағы Ниагара сарқырамасы қасындағы ойын-сауық паркі. Онда киттер мен дельфиндердің үлкен океанариумы орналасқан. Жылына шамамен 6 млн турист келеді. 2019 жылы мұнда аштықтан 19 кит пен бір дельфин қырылған болатын. Парк әкімшілігі егер билік қаржылай қолдау көрсетпесе, қайғылы оқиғаның қайталануы мүмкін екенін алға тартады.