Мемлекеттік оқу гранттарына құжат қабылдау басталды

Мемлекеттік оқу гранттарына құжат қабылдау басталды

Жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер үшін ең жауапты кезең басталды. Бүгіннен бастап елімізде мемлекеттік білім гранттарының конкурсына құжат қабылдау жүріп жатыр. Сәуір мен маусым айларында ҰБТ тапсырған түлектер енді 20 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеруі қажет. Құжаттарды кез келген университеттің қабылдау комиссиясына барып немесе «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн тапсыруға да болады. Ол үшін үміткерлерге жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, фотосурет және аттестат немесе колледж дипломы қажет.