Депрессияға ұшырағандар демалысқа шыға алады
Депрессияда жүргендер денсаулығына байланысты демалысқа шыға алады. Еңбекке
жарамсыздық парағын да алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі
хабарлады. Бұл диагноз екінің біріне қойылмайды. Арнайы психиатриялық орталыққа
жолдама беріледі. Психиатр оның көңіл күйі мен күнделікті өмірін жіті
бақылайды. Егер расымен депрессияның белгілері анықталса, онда жұмысқа
жарамсыздық парағын ашуға рұқсат етеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл
елімізде мың жарым адам депрессияға ұшырапты. Олардың көбі жастар.

