1951 адам қызылша жұқтырған

1951 адам қызылша жұқтырған

Жыл басынан бері 1951 адам қызылша жұқтырған. Дертке шалдыққандардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Әсіресе Астана мен Алматы қаласы және Жамбыл мен Атырау облысында өршіп тұр. Өйткені елде екпе салдырмағандар көп. Десе де қызылшаға шалдыққандар саны 2024 жылмен салыстырғанда 85 пайызға азайған. Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, әсіресе, Маңғыстау облысында шараларды күшейтуді тапсырды. Өйткені бұл өңір вакцинаның барлық түрі бойынша белгілі межеге жетпеген. Айта кетейік, қызылша асқынып кетсе науқаста пневмония болып, есту қабілеті төмендеп, энцефалит секілді ауруға ұласуы мүмкін. Соңы қайғылы жағдайға ұласуы ықтимал.