«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
Қазақстандық Алтай тағы бір мәрте түркі жұртын тоғыстырған рухани мекенге айналды. Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне ондаған мың қонақ, өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар жиналды. Биылғы мәдени бағдарлама фестиваль тарихындағы ең ауқымдысы болды. Оған бүкіл әлемге танымал Димаш Құдайбергенмен бірге Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия және өзге де елдердің өнер өкілдері қатысты.

