Ішкі туризм: елімізде жаңа демалыс орындары көбейеді

Ішкі туризм: елімізде жаңа демалыс орындары көбейеді

Қазақстанда туристер демалатын бірнеше жаңа орын ашылды. Мәселен, Қонаев қаласындағы 2 бірдей жағажай жаңартылып, осы жазда адам қабылдайды. Қазір Алматы облысындағы Көшпенділер қаласына апаратын бағыт ретке келді. Қайыңды көлінің жолы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жетісу облысындағы Балқаш көлінің жағалауында жаңа жағажай ашылып, Лепсі станциясындағы теміржол вокзалы іске қосылмақ. Сонымен қатар Балқашқа Алматы мен Астанадан субсидияланатын әуе рейстерін ашылады. Ал Бурабай, Имантау және Баянауыл курорттық аймақтарында да туристерге арналған инфрақұрылым жаңармақ.