Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ол Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік туралы баяндады. Минстрдің мәліметінше, биылғы екі айдға көрсеткішке сәйкес Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендеген. Шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді, -деді министрі. Ал, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 11 топтың қызметі тоқтатылған. Бұдан бөлек, бес есірткі зертханасы жойылды. 104 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленіпті. Сондай-ақ, Ержан Сәденов былтыр «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданып, оған, дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін айтты. Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.