Инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 трлн теңге инвестиция бөлінеді
Елімізде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға 1 триллион теңгеден астам инвестиция жұмсалады. Биыл бұл салада ұлттық жоба іске асырылады. Соның арқасында инвестициялардың қосымша көлемі артады. Дәлірек айтсақ, 5 жылда 13 трлн теңгеден асады. Ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын азайтуға және жылу мен жарықтың ысырап болмауына мүмкіндік береді.

