Қазақстан Президенті ІІМ алқасының кеңейтілген отырысын өткізді

Қазақстан Президенті ІІМ алқасының кеңейтілген отырысын өткізді

Елде заң талаптары мүлтіксіз сақталуы тиіс, ал құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты. Мемлекет басшысы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету - Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты екенін тағы да атап өтті. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл үшін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтың алдын алуға жіті назар аударуы керек. Бұған жауапты органдардың өкілеттігі, үйлестіру тетігі, жеке жұмыс үшін құралдар жазылатын бірыңғай заң көмектеседі. Президенттің айтуынша, полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Бұл қоғамның талап-тілегіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу дегенді білдіреді. Сондай-ақ Президент балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, киберқылмысқа және интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы ұсынысты да қолдады.