Халықаралық экологиялық қорлар Орталық Азияның экожүйесін жақсартуға септеседі

Жаһандық экологиялық қор Орталық Азиядағы экожүйсні қалпына келтірге 20 млн доллар шамасында қаржы бөледі. Бұл жөнінде аталмыш қордың басшысы - Карлос Мануэль Родригес арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Осы ретте айта кетерлік жайт, бұл ғаламдық ұйым 30 жыл бойы аймақта, оның ішінде Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау қамындағы жобаларға қаржат құйып келеді. Бүгінге дейінгі бұл бағыттағы тың бастамаларының 85% сәтті жүзеге асқан.  Қазіргі таңда қор елімізде БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп «Жаһандық маңызға ие экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» жобасын қолға алған. Оның аясында ел аумағын мекендейтін қар барсының тұқымын сақтау көзделіп отыр.       

Карлос Мануэль Родригес, Жаһандық экологиялық қордың бас директоры :

-Жаһандық экологиялық қор соңғы 15 жылда қар барысы қорғалатын арнайы аумақты 1 млн гектарға дейін кеңейтуге септесті. Бұл өте жақсы көрсеткш. Қазақстандағы осы дала аңдарының тұқымын сақтауда қор құйған инвестицияның көмегі тиді деп ойлаймын.  Қазір Қазақстанда қызыл кітапқа енген жануардың 150-200 басы кезігеді. Бұл көп емес. Алайда, өзге елдерге қарағанда өсім бар. Басқа мекендерде олардың жойылып кету қаупі зор. Мен Қазақстан қар барысына қолайлы  жағдай жасау ісіне әлі де қарқын қоса түсетініне кәміл сенемін.         

Ұлыбритания да Орталық Азия мемлекеттеріне климаттың өзгеруінің теріс салдарымен күресуде қолдау көрсететуге мүделік танытуда. Біріккен Корльдік бұл мақсатта арнайы қор құрды. Британдық тарап оның аясында Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастық орнатуға дайындығын жеткізді. Екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыттары белгілі. Бұл қос жақтың ғылыми-зерттеу инсттуттарының тәжірибе алмасуы. Қазақстанға осы саланың  әлемдік деңгейдегі сарапшыларын тарту. Су дипломатиясы саласындағы техникалық мамандықтарда оқитын студенттер мен мамандар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Дидар Жәнібекұлы, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқармасының басшысы:

-Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі мен британдық компаниялар арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға болатын бағыттар көп. Британдық сарапшылардың Қазақстанда өзекті мәселелерді шешу бойынша үлкен тәжірибесі бар. Халықаралық ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Біздің өзара іс-қимылымыз ұзақ мерзімді және жемісті болатынына сенімдіміз.