Енді несие алу онлайн емес, оффлайн болады
Енді ешкімге онлайн
несие берілмейді. Кредит алғың келсе, банкке барып, өтініш жазуы қажет. Бүгін
мәжіліс банктер туралы заңды қабылдады. Депутат Мұрат Әбенов бұл азаматтардың
жеке ақпараттарының қауіпсіздікі үшін қажет қадам болғанын айтады. Әйтпесе,
онлайн алаяқтық деген өршіп барады. Тіпті депутат алаяқтардың сыбайластары банктер
де отыр деп жүр. Сондықтан енді жаңа заңға: «Барлық тексеру Ұлттық банк арқылы
өтуі керек» деген тармақ енгізген. Жеке банктердің eGov жүйесіне тікелей кіру
құқығы болмауы тиіс. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес, банктер антифрод жүйесі
немесе биометриялық сәйкестендіруден дұрыс өтпей рәсімделген несиелерді жоюға
міндетті болмақ. Бұған қоса, егер клиент сотқа жүгінсе, банк 10 күн ішінде
несие қандай құжаттар негізінде берілгенін, биометрия қалай рәсімделгенін толық
көрсетуі қажет.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
- Банктерден арыз-шағымдар түсті біздің үстімізге. Бірақ,
соңында біз 28 ұсыныс бір бердік, және 10 ұсынысты цифровой кодекске бердік.
Онлайн кредит деген биыл болмайды. Болды. Тек қана аяғымен барып арыз жазбаса,
бұрынғыдай телефонмен 4 цифрмен несие алу жоқ. Барлық құжаттар міндетті түрде
болу керек, адам өзі бару керек. Қол қою керекқ. Тоқтаттық.

