Жол ережесін жиі бұзатындар жоғары айыппұл төлейді
Жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жоғары сомада төлеуі керек. Сенатор Марат Қожаев осылай деп отыр. Айтуынша, елімізде жол ережесін күн сайын бұзатын жүздеген адам бар. Тіпті соның дені заңды біле тұра оны бұзуды әдетке айналдырған. Міне, сондай азаматтарды тезге салу үшін айыппұлды еселеген ләзім. Сенатордың ұсынысы мынадай: егер жүргізуші бір санаттағы ережені жыл ішінде 10 рет бұзса, онда мұндай азаматтар штрафты төлеуге берілетін 50 пайыздық жеңілдіктен қағылуы тиіс. Қожаевтың қолына түскен есепке қарағанда, соңғы бір жылда 195 мың жүргізуші 10-нан 50 ретке дейін бір санаттағы жол ережесін бұзған. Сондай-ақ, бір жылда 300 және одан да көп жол қозғалысы ережесін бұзған жүздеген жүргізуші анықталған

