АЭС 80-100 жылға дейін қызмет етуге қауқарлы
Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр стансасы 80 жылға дейін қызмет
етуге қауқарлы болмақ. Ұлттық ядролық орталық мамандары осындай болжам жасап
отыр. Мәселен, Орталық бас инженердың орынбасары Денис Зарваның сөзіне
қарағанда, елдегі алғашқы АЭС халықаралық талаптарға сай, қауіпсіздік деңгейі
жоғары су-су реакторымен салынады. Әдетте олардың жұмыс істеу режимі 100 жылға
дейін жарамды болып келеді. Су-су реакторлар бірнеше деңгейлі қорғаныс
жүйесімен жабдықталған. Әрі барлығы автоматтандырылған. Яғни, адамның қатысы
болмайды. Мамандар тек бақылаушы рөлін атқарады. Мұндай орталықтарда апат
жағдайларының тіркелуі тарихта болмаған. Экожүйеге де зиян келтірмеген.
Қазақстандағы АЭС құрылысы дәл осы талаптармен салынады.¤

