Ұлттық спорт күні ұлттық ойындар дәріптелді

Бүгін Ұлттық спорт күні, осыған орай арғымақ ипподромында "Даланы дүбірлеткен Наурызнама - Ұлттық спорт күні" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Бұған арнайы мұхит асып келгендер де бар.

Дүбірлі додада аударыспақ, теңге ілу, садақ ату, қыз қуу және көкпар сынды ұлттық ойындардан үзінді көрсетіліп, спорт ардагерлері марапатталды.