Aqmola Urban Forum республикалық форумы өтті
Ақмола облысында соңғы 2 жылда 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Дегенмен, әлі де сүрілуді қажет ететін, орнына жаңасын салу керек баспаналар жеткілікті. Осы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін жауаптылар реновация бағдарламасын бекіткен. Осы және өзге де маңызды мәселелер «Aqmola Urban» форумында талқыланды.
Ақмола Урбан форумына
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мамандар өңірдің реновация және
урбанистика бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмысымен танысты. Өйткені Ақмола
елімізде реновация бағдарламасы бойынша көш бастап тұр облыстың бірі. Өңірде 8 аудан осы бағдарламаға енгізілген.
Соңғы екі жылда 1 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

