Қосшыда жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Биыл Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады. Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Нұрлан Жақыповтың сөзінше жаңа кластер іске қосылса, «Қазақтелеком» компаниясындағы суперкомпьютер қуаты төрт есе артпақ. Бұл елдегі жасанды интеллект, деректерді өңдеу және өнімі жоғары есептеу саласының әлеуетін айтарлықтай арттырады. Былтыр Қор басқаруындағы активтер 88 миллиард доллар болған. Биыл 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы мен Қашағандағы газ өңдеу зауыты бар. Жалпы, ұйым соңғы үш жылда 856 миллиард теңгеге 100-ден аса әлеуметтік жобаны жүзеге асырған.

