21 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

21 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылы 21 мыңнан астам қазақ ата жұртқа оралып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіның мәлімдеуінше, тарихи отанына оралғандардың тең жартысы Өзбекстаннан келген. Қалғандары Қытай, Моңғолия, Түркменстан және Ресейден. Сонымен қатар еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарға қоныстандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы елге оралғандардың 15 пайыздан сәл астамы жоғары білімді, 32,5 пайызға жуығында орта кәсіби білімі бар. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 6 200-ден аса өтініш  қабылданды. Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында республикаға 1 млн 128 мыңнан көп этникалық қазақ оралды.