Президент: Астана – егемен еліміздің жүрегі! |

Президент: Астана – егемен еліміздің жүрегі! |

Астана - егемен еліміздің жүрегі. Осылай деп бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауын жолдады. Онда Президент: «Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады» деді. Бүгінде бас қала тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналған. Сапалық тұрғысынан да мүлде жаңа басқару жүйесі көшіп, «ақылды қала» мәртебесіне ие. Тіпті айрықша статусы жаңа Конституциялық заңда да көрсетілген. «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізлелген жаңа қоғамдық этиканың да негізі қалыптасып келеді. «Ең бастысы, Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін», - деп Президент құттықтау сөзін аяқтаған.