Бас прокурор: «Әскердегі тәртіп - адамға құрметтен басталады»

Бас прокурор: «Әскердегі тәртіп - адамға құрметтен басталады»

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс. Әрі барлығы да қауіпсіздік, абырой, тәртіп және әділет қағидаттарына негізделуі қажет. Осылай деп бүгін Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Оған қарағанда, Мемлекет басшысының тікелей Бас әскери прокуратурамен Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар бірлесіп, екі жаңа жобаны қолға алған.  

Біріншісі - «Әскердегі заң және тәртіп», екіншісі - «Цифрлық профилактика». Мақсат – әрбір әскери қызметші қорғалған, ал командир сенім мен қолдауға ие болатын жүйені қалыптастыру. Осының шеңберінде әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылуы тиіс. Қазір Armia.kz сайтында цифрлық кеңесші іске қосылған.