Үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салынады

Үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салынады

Ал, Алатау қаласында үй жануарларының азығын өндіретін зауыт салынады. Жоба құрылысына Mars компаниясы қаржы құймақ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған компонияның бас атқарушы директоры Пол Вайраухпен сөйлесті. Өндіріс орны агроөнеркәсіп шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары тауар өндіруге септігін тигізеді. Аталған бастама Mars компаниясының өндірістік әлеуетін кеңейтуге және Орталық Азия мен көршілес аймақтар нарығына өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, ауылшаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы 180 миллион доллар болатын инвестициялық келісімге қол қойылған.