Қазақстанда заманауи күн панельдері шығарылады

Қазақстанда заманауи күн панельдері шығарылады

Қазақстанда заманауи күн панельдері шығарылады. Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, зауыт салу жұмыстары басталуда. Күн панельдерін жасау кезінде HIT (heterojunction with intrinsic thin layer) және PERC (passivated emitter rear cells) технологиялары қолданылады. Өндіріс үшін қажет қондырғылар 1 немесе 1,5 ай ішінде әкелінеді деп жоспарлануда. Ал, өндіріс желісі аз уақыт ішінде қуаты 50 Мвтттық толыққанды зауытқа айналмақ. Болашақ кәсіпорын биыл 300 дана, ал 2025 және 2026 жылдары 6 мың панель шығаруға ниетті. Өндіріс ошағы бұнымен тоқталып қалмай, жылдық қуатты 30 мың бірлігін әзірлеуге қауқарлы етуді  межелеп отыр.  Айта кетер болсақ, бұндай өнімді бүкіл әлем бойынша тек Германия, Жапония және Қытай шығарады.